12
январь
2025
Жеңісті қарсы алу – ортақ қуаныш!
Бүгін гимназиямыз үшін ерекше қуанышты күн болды. Ұжымымызбен бірге гимназия директоры Жанат Зейнелевна республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» 3-орын иеленіп, жеңіспен оралған сәтінде әуежайдан қарсы алдық.
Бұл жеңіс – білім беру саласындағы табандылық пен үздіксіз ізденістің айқын дәлелі. Жанат Зейнелевна «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша өз идеяларын ұсынып, білім беру ұйымдарын трансформациялау жолындағы тың бастамаларымен ерекшеленді. Оның бұл жетістігі гимназиямыздың беделін көтеріп қана қоймай, ұжымымызға жаңа шабыт пен серпін берді.
Әуежайда қарсы алу сәтінде гимназия ұжымы бас қосып, ортақ қуанышымызды бөлістік. Әріптестеріміз Жанат Зейнелевнаның еңбегін жоғары бағалап, оған алғыс пен жылы лебіздерін білдірді. Бұл сәт ұжым бірлігінің, ортақ мақсатқа ұмтылудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жанат Зейнелевна сізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз! Оның қажырлы еңбегі мен көшбасшылығы гимназиямызды одан әрі дамытып, жаңа биіктерге жетелейтініне сенімдіміз.
Жеңістеріміз ортақ, жетістіктеріміз мол болсын!
ссылка 1Бұл жеңіс – білім беру саласындағы табандылық пен үздіксіз ізденістің айқын дәлелі. Жанат Зейнелевна «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша өз идеяларын ұсынып, білім беру ұйымдарын трансформациялау жолындағы тың бастамаларымен ерекшеленді. Оның бұл жетістігі гимназиямыздың беделін көтеріп қана қоймай, ұжымымызға жаңа шабыт пен серпін берді.