12
январь
2025
Жұлдызды қонақ! 🏆✨
Біздің “Кел, балалар, оқылық!” пікірсайыс клубы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді! Облыстық кезеңде үздік шығып, “Sanaly Orta” ұлттық байқауының финалына жолдама алған болатын. Финалда да 1-орын иеленіп, біздің пікірсайыс клубы “Елге сәлем!” бағдарламасының жұлдызды қонақтары атанды! 🌟🎤
Үйірме жетекшісі Бинұр Ахатқызы және пікірсайысшымыз Тұрлыбек Еркежан Семей телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат беріп, жеңіске жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Олар біздің клубтың жетістіктері мен алдағы мақсаттары туралы ойларын ортаға салып, барша жанашырларға алғыс білдірді.
Бұл жеңіс – біздің клуб мүшелерінің, ұстаздарымыздың және қолдау көрсеткен барлық жандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. 🙌💪
Біз әлі талай белестерді бағындырамыз деп сенеміз! Алдағы додаларда жеңіс туын жоғары ұстаймыз! 🚀✨