12
октябрь
2024
11-12 қазан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі еліміздің үздік пікірсайысшылары үшін оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
Республика бойынша 81 мыңнан астам оқушы іріктеуге қатысып, соның ішінен ең үздік 180 оқушы финалдық кезеңге жолдама алды.
Біз үшін ерекше мақтаныш – Абай облысының намысын гимназиямыздың пікірсайысшылары екі лигада қорғады. Орыс лигасы 2 ойыннан жеңіске жетсе, ағылшын лигасы ширек финалға дейін жетіп, гимназиямыздың үздік екенін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл біздің пікірсайысшылардың жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді.
Турнир нәтижесі бойынша, қатысушыларымыз ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан осы турнирға қатысқандығын айқындайтын сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі Бинұр Ахатқызы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен және “Балалық шақ досы” төсбелгісімен марапатталды.
Осындай мүмкіндік үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК зор алғысымызды білдіреміз!
ссылка1Біз үшін ерекше мақтаныш – Абай облысының намысын гимназиямыздың пікірсайысшылары екі лигада қорғады. Орыс лигасы 2 ойыннан жеңіске жетсе, ағылшын лигасы ширек финалға дейін жетіп, гимназиямыздың үздік екенін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл біздің пікірсайысшылардың жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетеді.
Турнир нәтижесі бойынша, қатысушыларымыз ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан осы турнирға қатысқандығын айқындайтын сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі Бинұр Ахатқызы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен және “Балалық шақ досы” төсбелгісімен марапатталды.
Осындай мүмкіндік үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК зор алғысымызды білдіреміз!
@oqu_agartu_ministrligi @rumcdo_official @gani.beisembayev @sherraisa
