"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » 13.12 күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ-де «Жасыл мекен -2024 ж» білім беру ұйымдарының үздік аумақтарын абаттандыру бойынша облыстық байқауының нәтижесі жарияланды.
14
декабрь
2024

13.12 күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ-де «Жасыл мекен -2024 ж» білім беру ұйымдарының үздік аумақтарын абаттандыру бойынша облыстық байқауының нәтижесі жарияланды.

Байқау нәтижесі бойынша: Бас жүлде иегері дипломымен «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» ұжымы марапатталды.
Гимназия ауласын көгалдандыру – ұжымның таңдауы. Безендірудің стильдік құндылығы ұлттық-этно элементтерге негізделген. Гүлдер түрлі композициялық қазақы оюларға өрнектелген. Сол жақтағы гүл аралында көздің жауын алатын түрлі түсті шырайгүлдерден «қошқармүйіз» және барқат гүлініен «су өрнегі» оюы бейнеленген. Қаламыздың көркіне айналған аспалы көпір стильінде субұрқақ эстетикалық көрініске бөлеуде.
Бірлесіп, ерікті түрде көгалдандыру жұмыстарына үздіксіз гимназия ұжымы атсалысуда. Ұжым мүшелерінің өсімдіктерді суғару , арам шөптерді жұлу, ағаш бұталарын қырқу, топырақты қопсыту сияқты жұмыстарының нәтижесі ғимарат ауласын гүл бағына айналдырды.
Ұстаздарымыз төл туындылары гимназияға архитектуралық сән беруде. Ғимараттың қарсы жағында ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсаринге арналған монумент орнатылған.
Домбыра мен қобыз аспаптары бейнеленген «Асыл мұра» , Һәкім Абайдың «толық адам» концепциясынан сыр шертер мүсін тарихи-танымдық мәдени мұра. Шәкірттеріміз Абай армандағандай толық адамның үш қасиетін: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі болуын көздедік. Архитектуралық мүсіндер «Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» екендігін естен шығармай елінің тарихын, өнерін ұмытпауға ой салуда.
Табысты ұжымның қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігінің нәтижесі - жасыл мекенге айналған гимназия ауласының бүгінгі күнгі жеңісі!
ссылка 1​​​



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив