22
июнь
2023
Көркейту- көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары Гимназия ауласын абаттандыру мен гүлдендіру дәстүрлі газон,
гүл клумбалары, жасыл өсімдіктерді пішіндеу арқылы көгалдандыру түрлерімен қатар, фитодизайнды рокарии, тастардан жасалған бақтар, көгалдандыру сияқты заманауи түрлері мен әдістері қолданылады.
Аумақты абаттандыру ұғымына көгалдандырудан басқа, шам бағаналарын орнату, тротуар плиталарын төсеу, шағын архитектуралық қалыптарды, субұрқақтарды орнату және т.б. жұмыстарды қамтиды. Осыған орай, абаттандыру мақсатында гимназиямызда «Асыл мұра» тарихи –танымдық ескерткіш бой көтерді. Домбыра мен қобыз қатар жүретін қазақтың халық аспабы, әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық дәстүріміз. Осындай маңызды ескерткіштің гимназия ауласынан орын алуы, гимназия ауласын абаттандыру жұмысының нәтижелі жемісі. Білім беретін ордамызды көгалдандыру мақсатында, гимназиямыздың ұстаздарынан жиналған еріктілер тобы осы маусым айының аптасында да нәтижелі жұмыс атқаруда.
ссылка1
