17
январь
2020
Бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық олимпиада нәтижесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастырумақсатында 2020 жылғы 6-8 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектепте математикалық олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарға республиканың барлық аймақтарынан 200 астам педагог қатысты.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне олимпиада өткізілді, бұл іс-шараға гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған педагогтер 1-3 орындарды иеленді. І орынға Асем Мукановна Азаматова, Гүлмира Қалыбекқызы Нұрғабиева, Асел Камаловна Камалова ие болды. Ашимова Мейрамгүл Мажитқызы ІІ орынды иеленді. Ұстаздарымызды құттықтаймыз!!!