Педагогикалық идеялар фестивалі





Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңіне гимназиядан 15 мұғалім қатысып, 4 бағыт бойынша қала мектептерінің ұстаздары арасында өздерінің іс-тәжірибесімен алмасып, өздерінің кәсіби шеберлігін көтеріп және орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау барысында жас педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетті.
Жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеуде және заманауи инновациялық технологияларын енгізіп, таратуда өз шеберліктерін көрсете білді.
Тарих пәнінің мұғалімі Г.М.Мухамедиева, биология пәнінің мұғалімі А.Ж.Архыматаева ІІ орын, биология пәнінің мұғалімі В.Е.Азизова, бастауыш сынып мұғалімі Ә.М.Азаматова, математика пәнінің мұғалімі Б.И.Канапьянова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М.Кожахметовалар ІІІ орынды иеленді.