18
апрель
2025
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ШЕБЕР ҰСТАЗЫ МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ
2025 жылдың 16-сәуір күні Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық педагог-шеберлерімен кездесті. Кездесуге гимназиямыздың педагог-шеберлері онлайн форматта қатысты.
Министр педагог-шеберлердің білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы маңызын атап өтіп, олардың жаңашыл көзқарастағы көшбасшылар екенін айтты. Сонымен қатар шебер педагогтердің тәжірибесін еліміздің барлық өңіріне кеңінен тарату қажет екенін баса айтты.
Жиын барысында облыс атынан сөз сөйлеген гимназиямыздың педагог-шебері, биология пәні мұғалімі, магистр, облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың әдіскері Гаухар Төлеубаева кездесуде сөз сөйледі: Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде жүзеге асып жатқан «Мерейлі ұстаз» жобасы – ұстаздың кәсіби, рухани дамуына жол ашатын бастама екенін атап өтті.
Гимназия шебер- педагогтері алдағы уақытта да жаңашылдықты, шеберлікті және көшбасшылықты ұштастыра отырып, білім беру ісіне өз үлестерін қоса бермек.
ссылка 1Министр педагог-шеберлердің білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы маңызын атап өтіп, олардың жаңашыл көзқарастағы көшбасшылар екенін айтты. Сонымен қатар шебер педагогтердің тәжірибесін еліміздің барлық өңіріне кеңінен тарату қажет екенін баса айтты.