"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Мектебім,саған мың алғыс!»
25
май
2024

«Мектебім,саған мың алғыс!»

2024 жылдың 25 мамырында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы «Темірқазық» бағдарламасы ашық алаңда өтті. Республикалық «Үздік Мектеп Парламенті» антологиясына енген Парламент Президенті және Парламент Премьер-министрі, парламент мүшелері жүргізді. Аталған іс-шараға ардагер ұстаздарымыз бен Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Оспанова Светлана Сагидолаевна қатысты.
Дәстүрлі «Темірқазық» бағдарламасының мерейлі 300-бағдарламасы гимназия ұстаздары мен 2023-2024 оқу жылының түлектеріне арналды. «Мың алғыс» бағдарламасының эфирінде 91 мектеп бітіруші түлектер қатысты. Тікелей эфир арқылы гимназиямыздың 130 ұстазына алғыс білдіре отырып, Қазақстанның барлық ұстаздарына шәкірттік жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.
«Мың алғыс» бағдарламасының тікелей эфирінде «Шәкәрім» атындағы мемлекеттік университетінің өкілі 5 түлекке білім гранты сертификатын табыстады. Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер «Үздік педагог-2015» атағын иеленген Оразалин Куат Аманжоловичке жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі еңбегі мен педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі табысталды. Іс-шара оқушылардың жылы лебіздерімен аяқталды. 

ссылка1
​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив