14
декабрь
2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл толу қарсаңында гимназияның 2, 5-сынып үздіктері республикалық бірыңғай "Жас қыран", "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылданды.
Салтанатты жиында гимназияның өркендеуіне өшпес үлес қосқан аға буын педагогтар Стамбеков Жұмағазы Диярұлы, Болатбеков Қадыр Болатбекұлы, Кәрібаева Күлғайша Дікенқызы құрметті қонақ қатарынан табылды.
Шара барысында оқушылар өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін өлең жолдарымен, әсем әнмен жеткізді.
Салтанатты рәсім ұйымға қабылданушылардың антымен жалғасты. Оқушылар атынан ант беру құқығы 5 "Ә" сынып оқушысы Мелетханова Айзадаға берілді.
Гимназия директоры бастаған ардагер ұстаздар, гимназия әкімшілігі, шәкіртақы иегерлері, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "Жас қыран", "Жас Ұлан" ұйымдарының қатарына өткен оқушылардың мойнына ту түстес көгілдір галстук байлап, кеуделеріне белгі тақты. Шара соңында "Жас Ұлан" ұйымының әнұраны шырқалды.
ссылка 1Шара барысында оқушылар өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін өлең жолдарымен, әсем әнмен жеткізді.

ссылка 1