21
октябрь
2022
Бүгін “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ-де 25 қазан – Республика күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті.
ссылка1
«Жас Ұлан» ұйымына гимназиямыздың ең үздік 50 оқушысы қабылданып, салтанатты түрде ант берді.
Үлгілі тәртіп, нәтижелі оқу үлгерімімен үздік атанған оқушыларға гимназия әкімшілігі, ардагер ұстаздар, 11 сынып түлектері Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белгілерін табыстады.
Гимназия директоры Жанат Зейнелқызы ұйымға қабылданушы оқушыларға ұстаздарының сенімін, ата-аналарының үмітін ақтап, “Жас Ұлан” атына лайық болу керектігін айтты.
Ата-аналар комитетінің атынан Самал Жумахановна гимназия ұжымына алғыс білдіріп, оқушылар мен ата-аналарды құттықтады.
#жасұлан