05
май
2024
Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ-нің 11 сынып оқушылары ұлттық, адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Ұлылар мекені атанған,
данышпан ақын Абай Құнанбайұлының туып-өскен жері Семей өңіріндегі бабамыздың мұражайына айналған Жидебай қонысында орналасқан үйіне, кесенесіне және Шәкәрім бабамыздың "Жазықсыз жаза" дастанына арқау болған Еңлік пен Кебекке қойылған ескерткіш кесенесінде болып қайтты.
Оқушылар Ұлы ақынның туған жерін, өмір сүрген кезеңі мен қыстауын, шабытын оятқан көктемгі дала көріністерін, қолданған заттарын, өз қолымен ұстаған кітаптарын көру арқылы ақын заманына бір барып қайтқандай әсер алды. Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар. Бір күндік Жидебайға саяхат ұйымдастыруда қолдау көрсеткен 11 сынып ата - аналарына және сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз!
ссылка1Оқушылар Ұлы ақынның туған жерін, өмір сүрген кезеңі мен қыстауын, шабытын оятқан көктемгі дала көріністерін, қолданған заттарын, өз қолымен ұстаған кітаптарын көру арқылы ақын заманына бір барып қайтқандай әсер алды. Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар. Бір күндік Жидебайға саяхат ұйымдастыруда қолдау көрсеткен 11 сынып ата - аналарына және сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз!
ссылка2
ссылка3
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы





