10
сентябрь
2022
“Абайға тағзым”
Кемеңгер туған киелі мекенге табан тіреген әр тұлға Абай рухына тағзым етпей, сапарын жалғастырмасы анық. Бұл - ғибратты ғұмыр иесіне жасалатын үлкен құрмет.
Бүгін облысымызға Татарстан Республикасы Президентінің келуіне орай, Абай Құнанбайұлының ескерткішінің алдына қала қонақтары мен зиялы қауым өкілдері жиналып, ұлы ақынға тағзым жасап, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Тұтас әлем жұртын талантымен тамсандырып, төрткүл дүниедегі алыбымызға айналған ақын бабамыздың рухына гүл шоқтарын қою рәсіміне гимназиямыздың педагогтері де қатысып қайтты.
Абай атамыздың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – деген даналық ойының ұрпаққа жетіп, орындалуының куәсі - бүгінгі іс-шара деп білеміз!