25
апрель
2024
2024 жылдың 25 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ базасында химия және биология пән мұғалімдерінің I облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиада өткізудің мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру
Олимпиаданың міндеттері:
- Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу;
- Мұғалімнің қоғамдық имиджін, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру;
- Мұғалім мамандығының беделін арттыру.
Өту барысы:
Олимпиаданың ашылу салтанаты Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ инновациялық білім беру бөлімінің басшысы Толеубаева Гаухар Толеубайқызы сөзімен басталып,Балауса бишілер тобының “Шаттық” қазақ биіне ұласты. Олимпиада екі кезеңді қамтыды. Комиссия мүшелері олимпиаданың қорытындысын шығарып, жеңімпаз ұстаздарды марапаттады.
ссылка1 