13
апрель
2024
Тәрбие сағаттары
1 ”А” сыныбында “Қарсы алайық, құстарды!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды атап, олардың пайдасы туралы топта талқылап, ойларын ортаға салды. Құстарға қалай қамқорлық жасайтындары туралы әңгімеледі. Ребустар құрастырып, тақырыпқа сәйкес суреттер салды.
Сынып жетекшісі: Түсүпханова С.К.
_____________________________
11.04.2024 ж. 1 “Ә” сыныбында “Ғарыш әлеміне саяхат” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар ғарыш әлемі және Қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат алып, өз білімдерін ортаға салды. «Қазақ ғарышкерлері туралы қызықты деректер» туралы бейнеролик көріп, «Армандарға толы зымыран» атты планеталардағы сұрақтарға жауап берді. Сынып жетекшісі: Кабакаева А.Е.
_________________________
1”Г”сыныбында “Құстар-біздің досымыз” тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар құстардың адамға, табиғатқа пайдасы, құстардың түрлері туралы мәлімет алып, құстарға қамқорлық жасау туралы ойларын ортаға салды. Оқушылар
“Қай құстың даусы?” тапсырмасын қызыға орындап, құстар туралы жұмбақтар шешті.
Сынып жетекшісі: Кайырханова А.С.
ссылка1ссылка2





