20.10.2023 күні 2 "Б" сыныбында ,,Алтын күз" мерекесіне орай "Сиқырлы күз" атты тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар күз байлығы туралы ой бөлісіп, жұмбақтар мен күзгі еңбек, табиғат ана туралы мақал-мәтелдер айтып білімдерін ортаға салды. Күз кереметтерін бейнелеген суреттер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Турбаева А.С.