19
март
2024
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында Наурыз мерекесіне арналған 8- сыныптар арасында “Ұлттық салт-дәстүрлер-ұлттық құндылықтар” атты білгірлер сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты:оқушылардың Наурыз меркесі жөніндегі білген-түйгендерін толықтыру,елін Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сайысқа оқушылар жоғары дайындықпен келіп, Наурыз шашуға ән, билерін арнап, көрініс көрсетті.
Ұяшықта жасырылған салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, тыйым сөздерді жатқа айтты. Соңы әр сыныптың дайындап келген батасымен аяқталды. І орынды 8 Б сыныбы, ІІ орынды 8 В сыныбы мен 8 Г сыныбы, ІІІ орынды 8 А сыныбы мен 8 Ә сыныбы иеленді.
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Турсумбаева Ш.А.
Кітапханашылар РымбосиноваО.М.
Базарханова Қ.Ж.
ссылка1 







