31
январь
2024
“Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы” КММ-де Республикалық пән олимпиадасы және ғылыми-зерттеу жұмыстарынан орын алған оқушыларға “Алтынсарин дарындары” атты кезекті шәкіртақысы тағайындалды.
Шәкіртақы тағайындау осы жолы былтырғы республика жүлдегерлері биылғы жылы республикалық кезеңге жолдама алып отырған оқушылармен кездесу форматында өтті. Дарынды оқушылар алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп, бір бірлеріне оқу жолында табыс тілесе, шәкіртақы рәсімінің құрметті қонақтары, ардагер ұстаздар Баянова Еңлік Егіспековна мен Досжанова Галия Аубакировна, өз лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі. Гимназия директоры Жанат Зейнелевна оқушыларға әрқашанда гимназия тарапынан қолдау болатынын жеткізді.
Бүгінгі «Алтынсарин дарындары» атындағы шәкіртақы тағайындалған оқушыларымызды құттықтаймыз! Келесі оқу жылында бұл көрсеткіш одан әрі артатынына сеніміміз мол. Сіздерге қажымас қайрат, шығармашылық ісденісте табыс тілейміз.
Дарынды оқушыларымыз жетістік шыңын бағындырып, бийіктен көрінуі ұстаздарының, ғылыми жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің арқасы. Ұстаздарымызға мың алғыс!