26
октябрь
2023
«Рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбы аясында іс-шара өткізілді.
Республика күні қарсаңында гимназиямыздың 7 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Гимні туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, оқушының өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбы аясында іс-шара өткізілді. Кешті гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. А. Турсумбаева өзінің құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында оқушылар рәміздердің шығу тарихы мен ондағы қолданылған элементтердәі маңызы мен мәніне де терең тоқталып, түсінік берді. Рәміздерді насихаттау мен құрметтеуге бағытталған кеш ұстаздар мен оқушылардың Гимнді орындауымен аяқталды.
7 сынып жетекшілері
7 сынып жетекшілері




