"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Lesson Study» –мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады және оқушылардың оқу мен оқытудағы ынталарын көтеру және дамыту мақсатында,
16
май
2025

«Lesson Study» –мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады және оқушылардың оқу мен оқытудағы ынталарын көтеру және дамыту мақсатында,

2024-2025 оқу жылының мектептің даму жоспарына сәйкес, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шыныбекова Н. А «Lesson Study» тәсілін ұйымдастыру бойынша топ кординаторы – Құрманова Д. А және қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика, тарих пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Lesson Study» шығармашылық зерттеу тобы құрылып, нәтижелі жұмыс жасалды.
Зерттеу тақырыбы: «Сыныптағы үлгермеушіліктің себептері, оқушының білім сапасы мен мотивациясын арттыру жолдары, жеке оқыту тәсілдері және қолдау көрсету әдістері» аясында жүргізілді.
Тақырып бойынша математика пәнінен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу» тақырыбын оқыту барысында оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілдерін үйреніп, есептер шығарып, амалдарды орындауға дағдыланды.
Тарих сабағы: Қазақ хандығындағы елеулі рөл атқарған қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаттарын оқып, білу, талдау, маңыздылығын анықтау, слайдта көрсетілген ұяшықтағы жасырын тұрған сұрақтарға жауап берді. «Фишбоун» әдісі қолданылды. Терминдермен жұмыс жасады.
Қазақ әдебиеті пәнінен: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» повестен үзінді
Шығарманың идеясын анықтап, сол арқылы әлеуметтік –қоғамдық мәселені түсіндірді. «5 неліктен?» әдісі арқылы шығарманың мазмұнына шолу жасады. Мағынаны ашу барысында «РАФТ» әдісі арқылы идеяларды жинақтау барысында туған жер, туған тіл мәселесі туралы ой қозғады.
Ағылшын тілі пәнінен: “Smart rules to cycle safely” тақырыбы бойынша тақырыпқа байланысты кестелер, суреттер кең көлемде қолданылды. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты бейнетаспаларды көрсетілді; Сабақта топтық және жұптық жұмыс жасалды. DEAL, тарсия, динамикалық шеңбер әдістері қолданылды.
Биология пәнінен: «Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері» тақырыбы бойынша оқушылар білімдерін кеңейтіп, алған мәліметтерді қолдана білді. Білім алушылар өздігінен, жұппен және топпен жұмыс жасады








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив