27
ноябрь
2024
26.11.2024 күні Математика бірлестігінің «STEM технологиясы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту құралы» онкүндігі аясында 9-сыныптар арасында Жаспанов Жармаш Қуандықұлы атындағы “Білім бәйгесі” зияткерлік сайысының 2-туры өткізілді.
Сайыс кіріспесінде оқушыларға гимназиямызда ұзақ жылдар математика пәні мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Жармаш Қуандықұлының өмір жолынан мәлімет беріліп, презентация көрсетілді. Гимназиямыздағы «Математика және қаржылық сауаттылық» кабинеті Жармаш Қуандықұлы құрметіне ашылғандығы туралы айтылды. Сайысқа Жармаш Қуандықұлының жұбайы Оспанова Райхан Жүнісбекқызы қонақ ретінде қатысып, өз пікірін білдірді. 2-тур жеңімпазы 9Г сынып оқушысы Кусаинов Алинұр финалға жолдама алды. Жауапты мұғалімдер Г.В.Мусина, Ш.Ж Болсынбекова.
ссылка1
ссылка1
