12
март
2024
12.03.2024. Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы Nº37 гимназиясында “ҚАЗАҚ ТІЛІ - ҒАЖАЙЫП КЕМЕЛ ТІЛ” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі онкүндігінің жоспарына сәйкес
“Сөзді ұғар көкірегі болса көзді...” тақырыбында 7-8-сынып оқушылары арасында сөз шеберлерінің сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерін насихаттау. Сайыс барысында қатысқан оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, дайындап келген шешендік сөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Сайыс кезеңі бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, тапқырлықтарын танытты. Сайыстың нәтижесінде әділқазылар алқасы оқушылардың дайындықтарына ризашылық білдірді. Кітапханашы Оралбүбі Мамиқызы кітапханадағы “Билердің сөзі” атты инновациялық сөйлейтін қаламы бар даналық әліппемен таныстырып, оқушылардың шешендік сөзге деген қызығушылықтарын оятты. Сайысты ұйымдастырған: “Шешендік сөз өнері” үйірмесінің жетекшісі Нургамысова Ш.М.









