27
апрель
2023
«Қазақ тілі-ғажап тіл» атты онкүндік аясында 6-сыныптар арасында «Алтын қақпа» лингвистикалық ойыны өтті.
Танымдық ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
Қабілетті, білгір оқушыларды қолдау, озық болуға тәрбиелеу.
Ойын 4 бөлімнен тұрды: «Тас қақпа»-бұл бөлімде суретті сұрақтар арқылы сайысқа қатысушы оқушыны таңдады. Дұрыс жауап берген ойыншыға 1 фишкадан берілді.Көп фишка жинаған ойыншы сайысымыздың келесі бөлімдеріне қатысты. «Күміс қақпа» бөлімі 2 айналымнан тұрды. Соңғы мәре «Алтын қақпа» бөлімінде «Алтын сандық» ішінде жасырынған сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, көрермендермен де ойын жүргізілді.
Ойыншыларымыздың сегіз қырлы бір сырлы екендеріне көзіміз жетті. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" болып танылған оқушылар марапатқа ие болды. «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынына өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға белсенді жауап берген оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Ойынның соңында «Алтын сандық» мәресіне жеткен 6 «В» сынып оқушылары, одан кейін «Күміс қақпа» кезеңіне жетіп белсенділік танытқан 6 «Ә» сынып оқушылары, "Тас қақпаның" сұрақтарына белсенді қатысқан 6 "А", "Б" және 6 "Г" сынып оқушылары марапатталды. Көзге түскен, өздерінің ерекше қабілеттерін көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтарға ие болды. Сайыстың әділ шешімін шығарған Шәкәрім университетінің 3-курс студенттері.
Сайысты ұйымдастырған: Нургамысова Ш.М. және Шәкәрім университетінің филология факультетінің 3-курс машықкер Бейсенбай Данагул.