"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Сәуір айының 12-сі күні «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы», 9 “Б” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен “Бәйтерек монументі” тақырыбында ашық сабақ өтті.
13
апрель
2023

Сәуір айының 12-сі күні «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы», 9 “Б” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен “Бәйтерек монументі” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабаққа 23 оқушы қатысты. Сабақ мақсаты: көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыста қолдану. Мақсатқа жету барысында оқушылар топтық жұмыс атқарды. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға “Анти-жалқаулық” әдісі арқылы дәрумендер таратылып берілді. Дәруменнің әсер ету уақыты - 40 мин. Бұл дәрумен сабақ барысында оқушыларға күш, ақыл, табандылық береді, зейінін ашады. “Тарихи тұлғаны тап” әдісі арқылы оқушылар үй жұмысы бойынша жауап берді. Оқушылар суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінді.
1-топ: “Тәуелсіздік”
2-топ: “Бәйтерек”
3-топ: “Елтаңба”
4-топ: “Қазақстан”
Жаңа тақырыпты, яғни монумент дегеніміз не екенін түсіну үшін 2 минуттық видеоролик көрсетілді. Әр топқа жеке шығармашылық тапсырмалар берілді.
I-топ: «Тәуелсіздік» - «Бәйтеректің маңызы» тақырыбына постер құрау.
II-топ: «Бәйтерек» - «Бәйтерек» поэмасынан үзінді жаттау.
III-топ: «Елтаңба» - «Бәйтерек» сөзіне ассоциация табу, суретін салу.
IV-топ: «Қазақстан» - «Бәйтеректің көркеюі» тақырыбында болашаққа хат жазу.
Әр топ өз жұмыстарын қорғады, ал топ басшылары дескрипторға сай топ мүшелерін бағалады.
Сабақ арасында қойылған сұрақтарға және белсене қатысып отырған оқушыларға “Елтаңба” бонустық баллы беріліп отырды. Сабақ соңында өткен тақырып бойынша бекіту сұрақтары қойылды. Оқушылар “дәрі құтысы” әдісі арқылы рефлексия берді. Демек, сабақта белсенділік таныта алды ма? үй жұмысын орындады ма? жаңа тақырыпты түсіне алды ма? осы сұрақтарға жауап беріп, 1-2 оқушыға оқытып, дәрі қобдишасына салдық. Үй тапсырмасы берілді. Сабақ сәтті аяқталды.
Машыққкер: Құралай
Сынып жетекшісі: Каптагаева Ш.Б.
 


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив