02
ноябрь
2022
"Абай облысының білім басқармасы " ММ "Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығы " КММ
мен Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілген жас мамандарға арналған аймақтық форумда гимназия ұстаздары Меруерт Амантайқызы мен Асем Қанатқызы тақырыптық алаңдарда топтық жұмыстар өткізіп, жас мамандар арасында шеберлік сабақтарын көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Форум соңында шебер сабақ көрсеткендері үшін алғыс хат берілді. Жас ұстаздарымыздың еңбек жолдарына тек сәттілік тілейміз!






