20
июнь
2025
🎉 «Жолың болсын, жас түлек!» – Аттестат табыстау рәсімі
Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында 2024–2025 оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне арналған аттестат ұсыну салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Гимназия алаңын қуаныш пен қимастық сезімі қатар кернеген ерекше кеште түлектер балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.
🎓 Салтанатты рәсімнің ең жауапты сәті – аттестат табыстау сәті болды.
Түлектерге ақ жол тілеген мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар ыстық ықыластарын білдіріп, түлектерге сеніммен қарады.
🌟 Биылғы бітірушілер құрамында:
• Алтын белгі иегерлері
• Үздік аттестат иегерлері
• Халықаралық және республикалық деңгейде жеңіске жеткен білімді, дарынды жастар бар.
🕊 «Қош бол, бала күнім…» – «Қош, мектебім!» әнімен аяқталған кеш әр жүрекке естен кетпес естелік болып жазылды.
Біз сіздермен мақтанамыз, жас түлек!
Болашақтарыңыз жарқын болсын!
