19
июнь
2025
🎓 «Жолың болсын, жас түлек!»
Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Гимназия алаңында өткен әсерлі кеште түлектерге, ұстаздарға және ата-аналарға арналған жүрекжарды құттықтаулар айтылып, ыстық лебіздер жолданды. Мектеппен қоштасу — әр жас түлек үшін ерекше сәт, өмірдің жаңа белесіне бастар үлкен қадам.
Іс-шара барысында гүл шоқтарын қою, естелік әндер мен флешмобтар, «Уақыт капсуласын» табыстау, ант қабылдау сынды ерекше сәттер орын алды. Ардагер ұстаздың батасы мен ақ тілегі, ата-аналардың жүрек тебірентер құттықтаулары кешке ерекше мазмұн берді.
Түлектердің орындауындағы вальс — балалықтың соңғы биі секілді әсер қалдырды.
Бұл кеш — мектеп қабырғасындағы ұмытылмас шақтардың жарқын естелігіне айналды. Жас түлектерге ақ жол, биік мақсат, үлкен арман тілейміз! 🌟
ссылка 1Гимназия алаңында өткен әсерлі кеште түлектерге, ұстаздарға және ата-аналарға арналған жүрекжарды құттықтаулар айтылып, ыстық лебіздер жолданды. Мектеппен қоштасу — әр жас түлек үшін ерекше сәт, өмірдің жаңа белесіне бастар үлкен қадам.