25
апрель
2025
«Ы.Алтынсарин атындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10 сыныптар арасында қазақтың танымал жазушысы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы туралы әдеби- танымдық іс –шара өтті.
Іс-шара мақсаты: Қазақ романдарының ішіндегі ерлік пен асқақтықты насихаттайтын, ауыл баласының ерік-жігерін көрсететін «Қазақ солдаты» романы туралы оқушылардың білімдерін шыңдау. 10 сынып оқушылары «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихымен, басты кейіпкері Кеңес Одағының батыры Қайрош Сарталиевтың өмірі мен оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы өз білімдерін ортаға салып, шығармашылық жұмыстарының таныстырылымдарын жасады.





