"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » ⚜️2025 жылдың 18 сәуір күні “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында” Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов қонақта болды.⚜️
18
апрель
2025

⚜️2025 жылдың 18 сәуір күні “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында” Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов қонақта болды.⚜️

🔰 «Суды үнемде – болашақты сақта!» жобасы Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен
🔰 «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҰӘАҚ,
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, республикалық бірыңғай экологиялық ашық сабақ ұйымдастырылды.

Жоба өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыруға және суға деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Министр оқушылар арасында суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында гимназияда өтіп жатқан бірыңғай тәрбие сағаттарына қатысып, гимназия тіршілігімен танысып, пікірімен бөлісті.

Су ресурстары және ирригация министрі оқушыларға климаттың өзгеруі, судың азаюы сияқты экологиялық мәселелерді шешу жолдарына көбірек тоқталды.
Су қоймаларының пайдаланылуы, ауыл шаруашылық, өнеркәсіпте, тұрмыстық жағдайлайларда қолданылуына біршама тоқталып өтті. Суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруда ауыл шаруашылығында 30 пайызға дейін үнемдеуге болатынын, тамшылату технологиясын, кәсіби деңгейді көтеру мақсатында шет ел тәжірибесін енгізуді қолға алу мәселесін жеткізді.

Интерактивті бөлімде оқушылар министрге өздерін толғандырып отырған сұрақтарын қойып, танымды әрі қызықты сұхбат өтті. Сұхбат барысында экологиялық жоба жүлдегерлеріне министр ерекше көңіл бөліп, ынталандырып, жылы лебізін білдірді.
ссылка 1​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив