"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Аймақ басшысы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
08
май
2024

Аймақ басшысы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы ерліктері мен жеңісті жақындатуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
✔️Қатарымыздағы қарт жауынгердің бірі - Александр Атавин. Батыс майданның 58-ші дивизия құрамында ауыр минометтерді тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің бірі болған ардагер мереке қарсаңында үлкен құрметке ие болды.
✔️Ал, 95 жастағы Екатерина Краснянская да соғыс қиыншылығын бастан өткерген. Әскери госпитальде санитар болып жұмыс істеп, Волхов және Ленинград майдандарына қатысқан.
«Жеңіс күні біз үшін ерекше мереке. Майдан мен тылдағы ата-әжелеріміздің ерліктері мен еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа айтылып қала беретін мұрамыздың бірі. Біз жеңімпаз аға буынға мереке қарсаңында ғана емес, үнемі көңіл бөліп отыруымыз керек. Бұл кейінгі буын біздердің ардагерлер алдындағы борышымыз», - деді әкім.
✔️Маршал А.М. Василевскийдің басшылығымен бірнеше майдандарда жауға қарсы соғысып, Харьковті азат етуге атсалысқан «Халық Қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакиядағы шайқастардың ортасында болған ардагер Иван Шевцовқа да лайықты құрмет көрсетілді.
Ардагерлер облыс басшылығына құттықтаулары үшін алғыс білдіріп, барша қазақстандықтарға ашық аспан, зор денсаулық тіледі.

ссылка1
🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив