31
май
2023
2023 жылдың 31 мамыры күні «Мейрам» киностудиясы түсірген «Үміт» фильмінің тұсаукесері болды.
Бұл фильмде «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің 3 «Б»сынып оқушысы Ғалымбек Айдана және 4 «Б» сынып оқушысы Болат Жанбота басты рольдердің кейіпкерлерін сомдады. «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр» деп М.О.Әуезов айтқандай өнерлі жастарды қамтып , мәдениеттің өркендеуіне ат салысқан, «Мейрам» балалар киностудиясымен біріге жұмыс атқарғаны үшін гимназия директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызына студия директоры алғыс білдірді. Рөлдерін өте жақсы сомдағаны үшін оқушыларымызға Мақтау қағазы мен Алғыс хат табысталды. Болашақ киноактерлерімізге өнер әлемінің биігінен көріне беріңдер демекпіз!
ссылка1
ссылка1







