"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » "ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ" еске алу сағаты
09
сентябрь
2020

"ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ" еске алу сағаты

   Академик Қ.О.Бітібаеваның өмірден озғанына 6 жыл толуына орай "ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ" еске алу сағатын зертхана жетекшісі Құралай Құралтайқызы 9-сынып оқушыларымен өткізді.

    Қанипа Бітібаева-Ұлттық сөз өнерін оқытуда жаңаша көзқарас пен қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған аяулы ұстаз. Иә, ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған "ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНИПАСЫ", "ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ" бүгінде баршамызға үлгі-өнеге мектебі болып отыр. ХАН апаның еңбегі мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа дәріптеуде Семей қаласы №37гимназияда ашылған академик Қ.О.БІТІБАЕВА атындағы атаулы зертханада 8-ші жыл жұмыс атқарудамыз. Зертхана бүгінгі таңда қала мектептері мұғалімдері мен оқушыларының оқу-әдістемелік, іс-тәжірибелік алаңына айналып отыр. Жұмыстың жандануы ХАН апаның соңынан қалдырған педагогикалық мұрасының өміршеңдігі деп білемін. Бүгін ХАН апамыздың ортамыздан кеткеніне де, 6 жыл өтіпті. Әлемге ҚАЗАҚ елін таныттыңыз, Тұлғасы биік жанның аты да аңыз Ұлы есім, ХАН апаның даналығын, Болашаққа жеткізу бізге ПАРЫЗ! ҚАЗАҚТЫҢ әр ұстазы СІЗДЕЙ болсын, Шәкірттері қиядан шыңға қонсын. Қара ЕРТІСТІҢ сағымды толқынындай, ХАН АПАМ жатқан жерің жайлы болсын! Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертхана жетекшісі: Жакенова Құралай Құралтайқызы 09.09.2020 жыл








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив