"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
15
декабрь
2021

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

Тарихы тәуелсіздікпен қатар басталып, болашаққа бағыт алған білім мекемесі Семей    облысы    әкімінің   бірінші    орынбасарының 1992 жылғы  16  маусым  күнгі  

№ 412-р өкіміне сәйкес  №37 орталау мектебі болып ашылды.1993 жылдан бастап жаңа үлгідегі ғимаратқа орналастырылды. 1995 жылы 24 тамызда №37 мектеп-гимназиясы мәртебесі берілді. 2010 жылдың маусым айынан мектеп-гимназия «Семей қаласының № 37 гимназиясы» мемлекеттік мекеме мәртебесін алды. 2020 жылдың 8 қыркүйек айынан гимназия атауы «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгерді. Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі -  гимназия ұстаздарының шығармашылық жұмысына шалқар шабыт сыйлап, ұстаздық қызметтеріне жауапкершілік міндеттер жүктеді.

          Білім көшін биік белестерге бастаған гимназия басшылары:

1992-1997 жылдар аралығында мектеп-гимназия директоры болып, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Уматова Бақыткелді Бараққызы қызмет атқарды.

1997-2018 жылдар аралығында гимназия директоры – Стамбеков Жұмағазы Диярұлы осы ұйымда басшылық жасады.Жұмағазы Диярұлы Стамбеков жоғары санатты, физика пәнінің мұғалімі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 7-ші желтоқсаны күнгі Жарлығы бойынша “Құрмет” орденімен, 2016 жылы 05 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылдың  08 сәуірінен бастап гимназия директоры болып МалгаждароваЖанат Зейнелқызы қызмет атқарып келеді.“Қалаға сіңірген еңбегі үшін” (2019) төсбелгі иегері. 

          90 – жылдары Семей қаласында тек қазақ тілінде оқытатын мектептер жоққа тән еді. Сол жылдары атаулы білім ордасын ашуға зор үлес қосқан облыстық «Қазақ тілі қоғамы» төрағасының орынбасары, Абай ауданында аудандық партия комитетінің хатшысы, Семей облыстық телерадио комитетінің төрағасы, Семей қаласының Абай ауданының «Құрметті азаматы» халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жоғары наградасы, «Ана тілінің айбары» белгісінің иегері, Қазақстанның оқу –ағарту ісінің озаты, Бәтташ Сыдықұлының  еңбегі зор. 2016 жылы гимназия ғимаратында тіл жанашырына арналған «Шешендік сөз өнері» кабинеті ашылды. Атаулы кабинетте білім алушылар қазақ халқының шешендік сөз өнерімен сусындап, бойларына рухани азық алады. Берекелі істің бастамасымен гимназия қабырғасына 2020 жылы 17 қаңтарда Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақта орнатылды.

        Тәуелсіздікпен құрдас  қара шаңырақта мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды көшбасшылыққа үйретуде, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі басқару» ұйымы ерекше   рөл атқарады. Гимназияда «Өзін-өзі басқару» ұйымы алғаш рет 1998 жылы құрылып,  президенті Кемешов Ринат Серікқалиұлы  сайланды. Кейіннен «Ақ желкен» ұйымы болып аталды. 2007-2008 оқу жылы «Ақ желкен» ұйымының президенті Ахметов Қуаныш, 2009-2010 оқу  жылы Нұрекенов Дархан, 2011-2012 оқу жылы Айдынқызы Айдана, 2013-2014 оқу жылы Баякенова Баян, 2014-2015 оқу жылы Ғабитқызы Ақерке, 2016-2017 оқу жылы Бейсембаева Еркежан, 2017-2018 оқу жылы Тукинова Ғалия болды.

        2012 жылы 10 қыркүйек Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Ұланбасын» сайлау туралы ережесін бекітіп, жыл сайын республика мектептерінде Ұланбасы сайланады: 2011-2012 оқу жылы Айдынқызы Айдана, 2013-2014 оқу жылы Баякенова Баян, 2014-2015 оқу жылы Ғабитқызы Ақерке, 2016-2017 оқу жылы Бейсембаева Еркежан, 2017-2018 оқу жылы Тукинова Ғалия, 2018-2021 оқу жылы Черубаева Ания қала бойынша «Ең үздік Ұланбасы» атанды.

      2000 жыл 20 қазанда №37 мектеп-гимназиясының «Пікір сайыс» орталығы ұйымдық статусқа ие болып, мектептік тіркеуден өтті. «Демократиялық білім берудің инновациялық технологиялар арқылы оқыту»  мекемесінің құрылуына  атсалысқан демеуші ата-аналар: Каримов Н, Бұғыбаева Б, Құрманғалиев Е. Пікір сайыс орталығының жетекшісі ҮЕҰ атқарушысы директор Ахметова Сәуле Раманқызы болды.

       « Менің игі ісім - болашаққа үлгі» жобасы жүзеге асты. Жобаның аясында 11 сынып түлектері мен демеуші ата-аналардың қатысуымен «Жиын залы», «Шахмат», «Өзін-өзі тану» кабинеті заманауи безендірілді. Демеуші ата-аналар:Құрманбаев Марат Серікжанұлы, Айкельев Серікжан Сериккалиұлы, Жунусова Сайрамгуль Манаповна, Казыбаева Айгүль Кадылбековна, Курбанов Бауыржан Еркинович, Жунусова Алуа Сериковна, Исмагамбетов Рустам Серикович.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында гимназияда   «Тағылым» орталығы, «Абай әлемі» кабинеті, профессор Қ.О.Бітібаеваның зертханалық кабинеті, Бәттәш Сыдықұлы атындағы «шешендік сөз өнері» орталығы, кәсіптік білім беру кабинеті, шахмат кабинеті, «өзін-өзі тану» кабинеті, робототехника кабинеттері заман талабына сай жабдықталған.

2003-2009 жылдары аралығында «Өзін-өзі тану» рухани -  адамгершілік білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу бойынша республикалық экперименттік алаң ретінде ашылып, жұмыстар жүргізілді.

        Гимназияда жаратылыстану математика пәндерін ағылшын тілінде оқыту  2011 жылы 28  қыркүйекайынан бастап эксперимент ретінде жүргізілді. Эксперимент жүргізілетін пәндер: биология, математика, химия.  Мақсаты: Жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқыту негізінде дарынды оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академик Қ.О.Бітібаева атындағы зертхана 2013 жылдың 20 ақпанында ашылды. Мақсаты: Қ.О.Бітібаеваның іс-тәжірибесін, ғылыми еңбектерін, жаңа инновациялық технологияларын кеңінен пайдаланып, қала, облыс, республика көлемінде іс-тәжірибе тарату. 2019 жылы Хана апаның өмірден озғанына 5 жыл толуына орай өткізілген республикалық конференцияда зертханада атқарылған 7 жылдық жұмыс жинақталып жазылған «Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы» атты оқу-әдістемелік кітаптың тұсауы кесілді. Зертхана жетекшісі Қ.Қ.Жакенова Қ.О.Бітібаева төсбелгісімен марапатталды.

          Өлкенің тарихын танып білу отанға деген патриоттық сезімнің бастауы. Осы орайда гимназияда «Өлкетану» музейі жұмыс жасайды. «Өлкетану» музейі үйірме жетекшісі және мүшелері аймақтық конкурстарға бірнеше рет қатысып қала бойынша бас жүлдені  иеленіп, облыстық конкурстан да жүлделі орынға ие болды. Қала, облыс, республика, іс-тіжірбие таратылды .  «Үздік мектеп үйірмесі-2021» республикалық байқаудың  І дәрежелі диплом иеленді. Мектеп –білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Гимназиямызда 1995 жылдан бастап үйірме клубтар жұмыс жасайды. Заңгер (1995 ),  жас қаламгер (1995), Балауса бишілер тобы (1995), Сыр мен сымбат (1999), Өлкетану (1999), Пікір сайыс (2000), Шахмат (2003),Өнерге қанат қаққандар (2004), Тоғызқұмалақ (2004) үйірмелері. Гимназиямызға сонымен қатар, Қазақстанға еңбегі сіңген айтулы азаматтар мен азаматшалар қонақ болды. Атап айтатын болсақ : Монголия Баян-Өлгей аймағы №5 мектеп мұғалімдері мен оқушылары, Әзілхан Нұршайықов Қазақстанның халық жазушысы, Қабдеш Жұмаділов Қазақстанның халық жазушысы, Қалжанова Жақсыгүл Шәріпқызы  ҚР білім беру ісінің үздігі, балалар ақыны .

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ШҚО әкімі Д.К.Ахметовтың бастамасымен «Менің мектебім» жобасы аясында 2018 жылдың қыркүйегінде жаңадан жабдықталған физика кабинеті, 2020 жылы биология кабинеті ашылды. Атаулы кабинеттерде де нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылып, жүлделі орындардың қатарынан көрінді.

Гимназияға Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілгендіктен   бірінші қабатқа бюст орнатылды, келешекте Ыбырай Алтынсарин атындағы кабинет ашуды жоспарлап отырмыз.

Гимназияда 1265 оқушы, 53 сынып-комплектісінде оқиды. Гимназияның педагогикалық ұжымында 124  ұстаз жас ұрпаққа білім беруде. Сапалық құрамы – 83 %, 71 -жоғары санатты, 18 - бірінші санатты, 14 - екінші санатты мұғалімдерден тұрады,   оның ішінде – 6 мұғалім «педагог-шебер», 51 мұғалім «педагог-зерттеуші», 10 мұғалім «педагог-сарапшы», 10 мұғалім «педагог-модератор», 1 мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері, 2 мұғалім - «Қазақстан Республикасының   білім беру ісінің озаттары», 4 мұғалім «Ы.Алтынсарин» атындағы медаль иегері, 1 мұғалім “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” (2019) төсбелгісі иегері,3 мұғалім «Білім көшбасшысы» медалімен марапатталған. 3 мұғалім - «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының жүлдегерлері.

       Көп жылғы жинақтаған тәжірибесінің нәтижесінде тарих пәнінің мұғалімі  Оразалин  Қуат   Аманжолұлы   «Үздік педагог – 2015»    республикалық сайыстың,   математика пәнінің мұғалімі Сагатбекова Жанар Каликановна   «Үздік педагог – 2020»   республикалық сайыстың жеңімпаздары атанды.

            Гимназия ұжымының  проблемалық тақырыбы «Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу». 

Мақсаты: Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жан-жақты психологиялық- педагогикалық жағдай туғызу арқылы білім сапасын көтеру.

Гимназия оқушылары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша білім алады. Соңғы үш жыл бойынша гимназия оқушыларының  пәндік олимпиадалар бойынша жетістіктері: 2018-2019 оқу жылы қала бойынша -56; облыс бойынша  – 9; 2019-2020 оқу жылы қала бойынша- 50; облыс бойынша – 8 оқушы жүлделі орынды иеленді.  2020-2021 оқу жылында қала бойынша- 63; облыс бойынша – 9 оқушы жүлделі орынды иеленді. 

        Ғылыми жобалар сайысы бойынша: 2018-2019 оқу жылы қала бойынша-10; облыс бойынша – 6; республика бойынша – 4; 2019-2020 оқу жылы қала бойынша- 15; облыс бойынша – 4; республика бойынша – 1; халықаралық сайыс бойынша – 1 оқушы қатысып, жүлдегер атанды. 2020-2021 оқу жылында   қала бойынша- 29; облыс бойынша – 8; республика бойынша – 2 оқушы қатысып, жүлдегер атанды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында оқушыларды жан-жақты, толық дамыту мақсатында білім мен тәрбие беру арқылы жастарды азаматтық және әскери қызметке дайындау, қазақстандық білім беру мен мәдениеттің, халықтық және әскери дәстүрдің озық дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында 2019-2020 оқу жылында 5-сынып оқушыларынан құралған «Жас сарбаз»  мамандандырылған сыныбы ашылды.

            Мемлекеттік білім стандарты бойынша оқу бағдарламасы толық орындалды. 2019-2020оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 85,5 %-ті, үлгерімі 100%-ті құраса, 2020-2021 оқу жылында білім сапасы 89,9%, үлгерім 100%-ды құрады.

          Қала бойынша инновациялық мектептер арасындағы оқу- тәрбие жұмыстарының рейтингілік көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша  жеті жыл қатарынан ауыспалы «Білім» рәмізіне, «Қаланың  үздік  инновациялық   мектебі» аталымында  жүлделі І-орынға ие болды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Үздік ұйым-2016»   номинациясымен марапатталды.  

        Биылғы оқу жылында гимназия ұстаздарының болашаққа бағытталған еңбектері бағаланып, «Қаланың  үздік   инновациялық  мектебі» аталымында  жүлделі І-орынға және ауыспалы «Білім»  рәмізіне ие болды.  Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Жалпы білім беретін үздік мектеп-2021” танылып, 34 миллиондық сертификат иеленді. Жауапкершілік міндет пен табысты еңбекті бойларына серік еткен гиназия ұжымына бұл жетістік жұмысқа деген  жаңа серпін сыйлады.

Гимназия ұжымы инновациялық іс-әрекеттер арқылы мұғалімдердің кәсіптік құзіреттілігін дамытуда жаңашылдықты енгізу және зерделеу, қабілетті оқушыларды анықтау, дарындылығын дамыту жолында аянбай қызмет етеді.

           2019 жылы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ұйымдастыруымен өткен «МЕКТЕП ӘЛЕМІН ӨЗГЕРТЕТІН ҰСТАЗДАР» тақырыбында ХІ  Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанова Жанар Темирбулатовна «Приём ПОПС как средство развития у учащихся среднего звена способности формулировать аргументированные ответы» тақырыбында баяндама жасап,  іс-тәжірибесімен бөлісті. 

             «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» аясында «Химия, биология, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер арасында бейнесабақ көріністері» бойынша республикалық конкурсқа қатысып,  «Үш тілде білім беруді дамытуда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі» тақырыбында өткен конференцияда биология пәнінің мұғалімі Толеубаева Гаухар Толеубайқызы  II орынға ие болды.  «Үш тілде білім беру – табысты болашақ кепілі» атты облыстық семинарда іс-тәжірибесін таратты. 

          2019 жылы «КСРО халық мұғалімі», «ҚазСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі», «ҚазКСР-нің   халық ағарту ісінің үздігі», жаңашыл-педагог Құрмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұраларына арналған «Заманауи білім беру жүйесі : өткеннен тәжірибе-болашаққа бағдар» атты облыстық педагогикалық оқуларға 4 бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, іс-тәжірибелерін таратты.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында  мұғалімдердің тәжірибесін, білімін жетілдіру,педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру мақсатында  «Бастауыш мектепте математикадан олимпиадалық және логикалық  есептерді шешу жолдары мен тәсілдері»  атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 ұстазымыз қатысты. Семинар аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында 3 мұғалім  І орынға, 1 мұғалім ІІ орынға ие болса, 2021 жылы 9 мұғалім І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды.

         2020-2021 оқу жылында  гимназияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 10 қарашадағы «Бастауыш білім беру деңгейінде 1 сыныптарға арналған оқулықтарды сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық мектептер тізімін бекіту туралы» №344 бұйрығына сәйкес 1 сыныпқа арналған  «Әліппе»,«Ана тілі» оқулықтарының  және ОӘК сынағын өткізу ұйымдастырылды.Сынақты бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызы жүргізді.

       2020-2021 оқу жылында республикалық  «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңіне гимназиядан 15 мұғалім қатысып, 4 бағыт бойынша қала мектептерінің ұстаздары арасында өздерінің іс-тәжірибесімен алмасып, өздерінің   кәсіби шеберлігін көтеріп және орта   білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау барысында  жас педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетті.  Жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеуде және заманауи   инновациялық технологияларын енгізіп, таратуда өз шеберліктерін көрсете білді.

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2020 жылы 04 желтоқсанда мектеп директорларына арналған «БІЛІМ ЖОЛЫ – ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ – ӨЗГЕРІС» тақырыбында онлайн - ашық есік күні өтті.

   Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің озат инновациялық шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату.

             «Зерттеу сабақтары – оқушы дарындылығын дамытудың бір жолы» атты шеберлік сыныптар өткізіліп, зерттеуші мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.   «Оқушы жетістігі – ұстаз абыройы» тақырыбындағы бейнетаныстырылымда оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық сайыстары мен спорттағы жетістіктері көрсетілді.   «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» деген бөлімде гимназия түлектерінің  бүгінгі күнгі жетістіктері туралы айтылды.Сонымен бірге оқушыларға арналған қосымша білім беру саласы бойынша үйірме жетекшілерінің шеберлік сағаттары өткізілді. «Идеядан – шығармашылыққа» әлеуметтік жобада 11 сынып оқушылары жиын залының заманауи үлгідегі жобасын ұсынып, нәтижесінде табысты ата-аналар жобаны қабылдап, «Менің игі ісім - балама үлгі» ұранымен жиын залын заманауи технологиялармен жабдықтап игілікті істер атқарды.

       Сонымен бірге мұғалімдер арасында дарындыпедагогтердіанықтау және ынталандыру, педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалім мамандығының беделінкөтеру мақсатында "Үздік гимназия мұғалімі - 2021" гимназияішілік конкурсы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «Бас жүлде» иегері қалалық конкурсқа жолдама алды.

         2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жоспары негізінде  «Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында гимназия директоры облыс көлемінде іс-тәжірибе таратты.   Мектеп директорлары арасында челлендж өткізіліп, әрі қарай жалғасын табуда.   «Кітаппен бірге өсеміз» акциясында ұжым мүшелері, ата-аналар  және оқушылар тарапынан кітапхана қоры толықтырылды.  Мақсаты: Кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау. Гимназия кітапханасындағы көркем әдебиеттер қорын көбейту. Сонымен қатар гимназияда әрбір қабаттар бойынша кітап оқу бұрыштары ұйымдастырылды. Болашақтағы кітапхананың   жалпы көрінісі де  көпшілікке ұсынылды. Бірлестіктер арасында «Көркем әдебиетті оқу» атты челлендж ұйымдастырылып, өткізілді.

        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай және 2020-2021 оқу жылын қорытындылау мақсатында ұстаздардың жетістіктері сарапқа салынып, "Үздіктер шеруі" өткізілді. 

         «Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері: ұлттың рухани зияткерлігін дамытудағы тәжірибелер мен ізденістер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.    Семинарда республикамыздағы  жоғары оқу орындарының ғалымдары ағартушының педагогикалық мұралары туралы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Ыбырайтану» таңдау курсын мектепте оқытудың тиімділігі туралы практикалық жұмыстарымен бөлісіп, республика бойынша іс-тәжірибе таратты.

2021 жылдың 5 қарашасы күні «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ШҚО білім беру ұйымдарындағы күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес «БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ НЕГІЗІ  - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» тақырыбында облыстық деңгейде іс-тәжірибе таратылды. 

    «Дарынды дамыту – ұстаз парызы» бөлімінде дарынды және қабілеті жоғары оқушыларды олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық сайыстарға дайындаудың алгоритмі, тиімді жолдары айтылды. 

    «Үздік  педагогтің іс-тәжірибесінен...» атты бөлімде гимназияның математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық сайысының жеңімпазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ж.К.Сағатбекова «Жемісті еңбек – жетістік баспалдағы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

    «Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесінен үзінді» бөлімінде негізгі пән мұғалімдері төңкерілген сабақ, Lesson Study әдісі, тұлғаның құзыреттіліктерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.

    «Жаңашылдық үлгісі - қосымша білім беру» бөлімінде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, «Робототехника» үйірмесі, «Ыбырайтану» курсы, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы зертханалық кабинетінің іс-тәжірибесі таратылды.

Оқушылар мен студенттерге арналған қашықтықтан өткізілетін «Елбасы медалі» жобасына гимназиямыздан бірнеше оқушылар қатысып отыр. Бұл жобаға қатысу арқылы кәсіби тәлімгерлердің көмегімен өзін-өзі дамыту, дарындылық пен дағды, спорт және дене шынықтыру, еріктілік және ұлттық мұра сияқты бағыттар бойынша өзін шыңдау жұмыстарын қамтиды. Жоба бірнеше кезеңдерден тұрады. Кезеңдердің бәрін сәтті аяқтаған қатысушылар мемлекеттік гранттар, ректорлық гранттар және әкім гранттарын алуда артықшылығына ие болады. Бағаттары: 1. Кітап оқу. 2. Дарын мен дағды. 3.Ұлттық мұра. Оқушылар қола деңгей, күміс деңгей және алтын деңгейлерден өту керек. Бұл жоба өз деңгейлерін аяқтағаннан кейін республикалық   медальдармен марапатталады.Гимназиядан 34 оқушы  2020-2021 оқу жылында «Елбасы медалі» жобасына қатысып,  11 оқушымыз «Қола медаль» иегері атанды.

           2021 жылдың 3 желтоқсанында педагогтердың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.Конкурс нәтижесі бойынша:Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер - тарих, құқық негіздері бойыншаОразалин КуатАманжолович -1 орын; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша  Исаханова Мансура Акинбековна - 2орын; қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Шеберлік палитрасы» номинациясы Сыдыкова ЖанаргулТалгатбековна- 3 орын;«Шеберлік палитрасы» ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша Кармысова Рыс Окметкановна - 1 орын; Абишев Нурсултан Алдашевич - 3 орын; «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша Жумаксанова Гульназ Муратовна - 3 орын; «Шеберлік палитрасы» қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер) бағыты бойынша Әлмұрат Мейір Мерейұлы -3 орын иеленді.

       Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай  гимназия оқушылары Өскемен қаласында өткен «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсында «Д. А. Қонаев - шоқтығы биік ұлы тұлға ғасыр тұлғасы» атты қойылымды қойып, ІІІ орын  жүлдегерлері   атанды.

1996-1997 оқу жылында ең алғашқы мектеп-гимназияны 37 түлек бітіріп шықты. Қазіргі таңда гимназиядан түлеп ұшқан түлектер саны – 2279, оның ішінде 109 түлек «Алтын белгі» белгісімен, 88 түлек «Үздік аттестатқа» бітірді. 

Білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі - ҰБТ нәтижесі. Соңғы   үш жылдағы гимназияның ҰБТ нысанындағы көрсеткіші төмендегідей :

          2018-2019 оқу жылында 86 оқушы емтихан тапсырып, нәтижесінде 9 оқушы «Алтын белгі» белгісін, 2 оқушы Үздік аттестат иегері атанды. 86 оқушы жалпы білім беру туралы аттестат алып, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 81  оқушы қатысты. Орта балл: 93,65.  

        2019-2020 оқу жылында 4-ші тоқсанды «Covid-19» пандемияға байланысты 11 сынып бітірген түлектер емтиханнан босатылып, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 75   оқушы қатысты, нәтижесінде 8 оқушы «Алтын белгі» белгісін, 5 оқушы Үздік аттестаттарын қорғап шықты.Орта балл: 84.   Гимназия түлектерінің  43-і жоғарғы оқу орнындарының  мемлекеттік грант иегері атанды. Ал, 2 оқушы әкімнің грантын иеленді. Оның ішінде 13 түлегіміз Қазақ  Ұлттық Университеттерінің, 1 оқушы Назарбаев Униветситетінің студенті  атанды. 

       2020-2021 оқу жылында 89 оқушы емтихан тапсырып, нәтижесінде 9 оқушы «Алтын белгі» белгісін, 6 оқушы Үздік аттестат иегері атанды. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 79   оқушы қатысты. Орта балл: 85. Гимназия түлектерінің  47-сі жоғарғы оқу орнындарының  мемлекеттік грант иегері атанды. 2 оқушы әкімнің грантын иеленді, 1 оқушы Назарбаев Униветситетінің студенті  қатарына қосылды.15 түлегіміз Қазақ  Ұлттық Университеттерінің студенттері  атанды. 

Көптеген талантты түлектеріміз Қазақстанның өркендеп өсуіне өз үлестерін қосып әр түрлі салада еңбек етуде. Оның ішінде ерекше танылған түлектеріміз: 1999 жылғы түлек Каражанов Малик Дулатович – Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің заң факультетінің деканы, РһD докторы;     2000 жылғы түлек  Кабижанов Нурбек Несипбекович – теміржол көлік Минстрлігінің орынбасары, экономика ғылымдарыныңРһD докторы;  2000 жылғы түлек Омаров Назарбек Бақытбекұлы – Семей қаласы облыстық аурухана хирургі, медицина ғылымдарының  РһD докторы;  2001 жылғы түлек Ибраев Бейбит Максатович – Қазақ Ұлттық университетінің проректоры, ғылым кандидаты.

Гимназияның 12 түлегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің жоғарғы оқу орындарын  тәмамдап, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда 4  оқушы Назарбаев Университетінде білім алып жатыр. 

Тәуелсіздікпен қатар көркейген білім ордасының ұжымы инновациялық іс-әрекеттер арқылы мұғалімдердің кәсіптік құзіреттілігін дамытуда жаңашылдықты енгізу және зерделеу, қабілетті оқушыларды анықтау, дарындылығын дамыту жолында аянбай қызмет етеді.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы - білімді жастар.Гимназия ұжымының Тәуелсіздіктің 30 жылдығында білім беру саласына қосқан сан-салалы еңбектері бүгінгі таңда шәкірттерінің қоғамға қосқан нәтижелі жұмыстарымен бағалануда. Гимназия қабырғасынан түлеп ұшқан білімді шәкірттеріміз Тәуелсіз елдің гүлденуі жолында әр салада қызметтер атқарып келеді. 

«Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзінен қуат алатын гимназиямыздың білікті ұстаздарының еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив