10
ноябрь
2021
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
2021 жылдың 9 қарашасы күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этногроф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция пленарлық және секция жұмыстарының бөлімдері бойынша жүргізілді.
Халықаралық конференцияның «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсарин педагогикалық идеяларының сабақтастығы» тақырыбындағы 1-секциялық бөлімінде гимназия директоры Жанат Зейнелевна Малгаждарова «Білім сапасын арттыру: мақсат және нәтиже» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибе бөлісті.