19
октябрь
2021
Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің филология факультеті, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы 2021 жылдың 15 қазан күні республикалық іс-шара ұйымдастырды.
Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы Ақтанова Айман Советқызының 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері: ұлттың рухани зияткерлігін дамытудағы тәжірибелер мен ізденістер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарда республикамыздағы жоғары оқу орындарының ғалымдары ағартушының педагогикалық мұралары туралы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ал Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Ыбырайтану» таңдау курсын мектепте оқытудың тиімділігі туралы практикалық жұмыстарымен бөлісіп, іс-тәжірибе таратты.