ІІІ кезең. "Гүл - ғажайып дүние!".
Гимназия ауласында гүлдер жайқалып өсуде. Әрбір гүл, тіптен ең кішкентай және қарапайым гүлдің өзі – табиғаттың таңғажайып жұмбағы. Гүлдерге сүйсіне қарап, ерекше сезімде боламыз. Ендеше, таңғажайып гүлдер әлеміне саяхат жасайық!

Жанымменен тең көремін.
Күлімдеген гүлім сынды
Жер көремін — ел көремін.
Маған бақыт көрінеді
Гүлдің әрбір шоқтарынан.


Көркі болған үйімнің,
Гүлді көрсем сүйіндім.
Қызыл, аппақ гүлдерім
Күнменен мың құбылдың.
Сол гүлдерден әртүрлі
Жұпар иіс аңқиды.
Гүлбағбан боп баптаумен
Өткіземін әр күнді.


Гүлдердің нәзік болып өсетіні,
Мәпелеп аймалағандықтан.
Қылыштың қара тасты қақ жарып кесетіні,
Қайрағандықтан.


Гүл деген әдемі ғой, әдемі
Неткен ғажап олардың әлемі.
Жарық сәуле түсіп тұрар гүлдерге,
Хош иісін таратады бәріне.
