15
февраль
2022
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қанипа әлемі» үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен 6-сыныптар арасында «Кел, балалар, оқылық!» атты мақал-мәтелден сайыс
Академик Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертхананың ашылуының 9 жылдығына орай, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қанипа әлемі» үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен 6-сыныптар арасында «Кел, балалар, оқылық!» атты мақал-мәтелден сайыс өтті. Сайыс жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.
Бұл іс-шараға гимназияда педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жүрген Шәкәрім университетінің филология факультетінің 3 курс студенттері де қатысты. Рақатова Жұпар, Зекенов Мирас, Баекенова Дильназ, Сүттібаева Гаухар өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Аталып өтілген іс-шараның жас ұрпаққа берері көп.