03
апрель
2024
02.04.2024 күні Нургамысова Шолпан Махмутовнаның жетекшілігіндегі 7 ”Ә” сыныбында “Тарихи тұлға-Тұрар Рысқұлов” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында балаларға Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны, еңбектері мен қазақ халқының тәуелсіздігіне үлес қосуы жайлы ақпарат берілді. Әр баланы тәрбие сағатына белсенді қатыстырып, сұрақ-жауап, викториналар мен сергіту сәті де өткізілді. Тәрбие сағатының қорытындысы ретінде балалардан кері байланыс алынды.
Тәрбие сағатының мақсаты: Халқымыздың мақтан тұтар тұлғасының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету.
Тәрбие сағатын қызықты ұйымдастыруда белсенділік танытқан студенттер Шәкәрім университетінің География-Тарих мамандығының бакалавриат студенттері Иманқұлова Нұрай Төлеубекқызы, Шаймарданова Гулдана Қанатқызы және Химия-Биология мамандығында Аскерова Жансая Талғатқызы атсалысты.