29.02 8-“А” сынып оқушыларымен “Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі білім алушылардың іс-әрекеті” атты сынып сағаты өтті.
Оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелері мен жер сілкінісінде туындайтын қауіптен қалай сақтану керектігі жайлы мәлімет алды. Сынып сағатында түрлі сұрақтар қойылып, төтенше жағдай туралы жалпы мәселелер талқыланды.