5-қыркүйек “Тілдер мерекесіне” арналған гимназия кітапханасында 4-сынып оқушыларымен “Тіл -татулық тірегі” атты сынып жетекшісі Б.М.Жумағұловаменбірлескен ақпараттық танымдық сағаты өтті.
Мереке ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленгендіктен А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстырылып, тіл туралы айтылған ұлы ғұламалардың нақыл сөздерін оқушылар мәнерлеп оқып,кітаптар көрмесімен танысты.