28
октябрь
2022
Бүгін 4 "Г" сыныбында І тоқсан қорытындысы және оқушылардың күзгі демалыстағы қауіпсіздігі туралы сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында үздік оқитын оқушылар Серікқазы Інжу, Қанат Еркежан "Үздік оқитын оқушының құпиясы", "Үздік оқушы болу үшін не істеу керек?" деген тақырыпта ойларымен бөлісіп, Арғынбеков Санжар оқушыларға үздік оқитын оқушының моделін ұсынды. Оқушылар топта ғаламтордағы қауіпсіздік, көшедегі қауіпсіздік, үйдегі қауіпсіздік ережелерін құрастырып сыныппен талдады. Әр топқа қауіпсіздік ережелері туралы жағдаяттар беріліп, оның шешу жолдарын тапты. Сынып оқушылары адам өмірі- басты құндылық екенін, әр адам өз өміріне жауапты екенін, қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтау керек екенін түсінді. Оқушылар сабақ соңында бір-біріне жақсы демалыс тілеп құшақтасып бір-бірін сағынатындарын айтып жатты. Сынып жетекшісі: Түсүпханова Сандуғаш Кеңесбекқызы




