18
май
2023
Гимназия қабырғасында 2023 жылдың 18 мамыр күні 11 сынып оқушыларына «ҰБТ – ға сеніммен барайық !» атты психологиялық жаттығулар элементтері бар жиналыс өткізілді.
Гимназия директоры Малгаждарова Ж.З. түлектерге алдағы емтихандарға сәттілік тілеп, жоғары деңгейде тапсыратындарына сенім білдірді. Директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Жумаксанова Г.М. түлектерге қорытынды аттестаттау мен ҰБТ күндерін және тестілеу ережелерімен (тыйым салынатын заттар, аудиториядағы ережелер және т.б.) тағы бір таныстырып, түлектерге үлкен сенім артатынын атап айтып өтті. Гимназия педагог – психологы Серікқалиева Ш.С. оқушылардың бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту мен психологиялық қолдау көрсету мақсатында жаттығуларды жасатты. Түлектерімізге сәттілік тілейміз!


