03.10.22 ж . Абай облысы білім басқармасының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 1930 хаты негізінде гимназияның
«Мектеп Парламенті» ұйымының «Қамқорлық фракциясы» мүшелері қарт, ардагер ұстаз Мақашева Маруа Қайырқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін қос мерекемен құттықтап қайтты. Еңбек ардагерлеріне жылы лебіздерін арнап, үлкенге құрмет көрсетті. Қарт ұстаздар да оқушыларға алғыс тілектерін арнады.