18
ноябрь
2024
18.11.2024 күні 10 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Болашаққа көзқарас: балаға өз әлеуетін ашуға қалай көмектесуге болады?" тақырыбындағы дәріс сабағы топтық жұмыс арқылы ұйымдастырылды. Ата-аналар берілген тақырып бойынша постер жасап, диалог алаңында өз пікірлерін білдірді. Құқықтық жаппай оқыту мәселесінде ата-аналар- Абай облыстық адвокаттар алқасының мүшелері Н.Ф.Адильбаев, Г.Р.Нуралханова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты PhD докторы Б.Қ.Қайыпханов қылмыстық, әкімшілік кодекстердің кейбір баптары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Сынып жетекшілері 1-тоқсан қорытындысымен таныстырып, оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат берді.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#апқо_абай_облысы_семей
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#апқо_абай_облысы_семей




