26
январь
2024
Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназияда “Даналық мектебі” клубының отырысы өтті.
Отырысқа “Ата өсиеті аталар мектебі, “Әже даналығы” әжелер мектебі, “Әкелер мектебі”, “Аналар мектебі”, “Аға қамқорлығы” ағалар мектебі, “Жеңге кеңесі” жеңгелер мектебінің құрамына кіретін аға буын өкілдері, әкімшілік және әр мектепке жетекшілік ететін кураторлар қатысты. Гимназия директоры Малгаждарова Ж.З. “Даналық мектебі” отырысының мақсат, міндеттеріне тоқталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева С.С. қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелердің түп қазығы отбасынан басталатындығы, соған орай статистикалық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” мен “Даналық мектебінің” жұмысы жайлы ақпарат берді. Отырыс барысында сынып жетекшісі Кайырханова А.С., психолог Сериккалиева Ш., Қызылбалаева Н.М. пайдалы мәліметтермен бөлісті. Ата-аналар сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
#даналықмектебі
#аталармектебі
#аналар мектебі
#әжелермектебі
#әкелермектебі








