19
ноябрь
2024
2024-2025 оқу жылының 3-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» білім беру орталығы, «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылының 3-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. «Алтын сақа» олимпиадасының мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті оқушыларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру, ғылымға, жаратылыстануға баулу, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру болып табылады. 4 сыныптар бойынша олимпиаданың қалалық кезеңіне 144 оқушы қатысып, гимназиядан қатысқан Әубәкір Әмір – І орын алып, жеңімпаз атанса, Мұратов Ерасыл – жақсы жетістікке жетіп, ІІ орынды иеленді, Сериков Алишер сертификат алды. 3 сыныптар бойынша олимпиаданың қалалық кезеңіне 145 оқушы қатысып, гимназиядан қатысқан Гецель Ерхан І орын алып, жеңімпаз атанса, Тұрдыбай Санжар -ІІ орын, Ахметканова Раяна – ІІ орынның жүлдегерлері атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мұғалімдердің жүйелі жұмысының арқасында жүлдегер атанып, 1 және 2 орын алған оқушыларымыз облыстық кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!





