23
ноябрь
2022
"Отан. Әскер. Жас сарбаз" атты әскери патриоттық форумында гимназия директоры Жанат Зейнелқызы "Қазақстан патриоты" төс белгісімен марапатталды.
Ұлттық рухты күшейтіп, ел тарихын терең зерделеудің маңызды бастамасы - «Жас сарбаз» клубының ашылуы. Бір мүддеге біріккен жас ұрпақ – еңсесі биік, санасы – тәуелсіз, мақсаты – айқын, патриот ұлттың айбары мен намысы, ұяты мен ары. Игі бастаманы жалғастырып, ел болашағы үшін еңбек еткен барша гимназия ұжымын және гимназия басшысы Жанат Зейнелқызын еңбектегі жетістігімен құттықтаймыз!
