10
октябрь
2022
Үздік педагог 1 орын
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығына сәйкес конкурсының #қалалық #кезеңінен гимназия директорының шет тілі жұмыстары жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кармысова Рыс Окметкановна I орын иегері атанып, облыстық кезеңге қатысуға ұсынылды. Алдағы сынақтан ерен еңбегіңіздің арқасында биіктен көрінетініңізге кәміл сенеміз. Мерейіңіз үстем болсын!

