12
июнь
2025
Бүгін"Балауса" гимназияішілік лагерінің тәрбиеленушілері екі маңызды мәдени орынға – Абай атындағы драма театры мен Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейіне барды.
Саяхат Абай атындағы драма театрынан басталды. Балалар мұнда "Қасқыр мен бұзау" атты балалар ертегісін тамашалады. Қойылым балаларға өте ұнады. Әртістердің шеберлігі, жарқын костюмдер, сахналық безендірулер балалардың қиялын баурап алды. Ертегінің тәрбиелік мәні, достық пен мейірімділік тақырыбы балалардың жүрегіне жетті. Театр өнерімен алғаш танысқан кейбір балалар үшін бұл ерекше әсер қалдырған сәт болды.
Театрдан кейін лагерь тәрбиеленушілері Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейіне бет алды. Мұнда олар әлемдік әдебиеттің классигі Федор Михайлович Достоевскийдің өмірі, шығармашылығымен танысты. Мұражай экспозициялары арқылы балалар тарихи кезеңдермен танысып, әдебиеттің адам өміріндегі орны туралы тереңірек түсінік алды.
Бұл күні балалар өнер мен әдебиет әлеміне еніп, жаңа білім алып, рухани байыды. Театр қойылымы олардың эмоциялық әлемін байытса, музей экскурсиясы тарихи және әдеби білімдерін толықтырды.
ссылка 1Театрдан кейін лагерь тәрбиеленушілері Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейіне бет алды. Мұнда олар әлемдік әдебиеттің классигі Федор Михайлович Достоевскийдің өмірі, шығармашылығымен танысты. Мұражай экспозициялары арқылы балалар тарихи кезеңдермен танысып, әдебиеттің адам өміріндегі орны туралы тереңірек түсінік алды.
Бұл күні балалар өнер мен әдебиет әлеміне еніп, жаңа білім алып, рухани байыды. Театр қойылымы олардың эмоциялық әлемін байытса, музей экскурсиясы тарихи және әдеби білімдерін толықтырды.
