04
июнь
2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Балауса " лагерінің демалушыларына "Қазақстан тәуелсіздігінің мақтанышы" атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі болып табылатын Туымыздың, Елтаңбамыздың және Әнұранымыздың қастерлілігін ұлықтайтын маңызды күн.
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының мағынасы мен тарихын ашатын арнайы ақпарат әзірлеп, Туымыздағы көк түстің, Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты тұлпарлардың, Әнұранның әрбір сөзінің астарында жатқан терең мағынаны, ата-бабамыздың арман-мұратын, тәуелсіздікке жету жолындағы ерлігін жеткізді.
Оқушылардың орындауында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық би орындалды.
Мерекеге қатысушы жас буын рәміздердің ел тарихындағы және бүгінгі өміріміздегі орны мен маңызы туралы түсінік алды.
Бұл мереке жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен келісімін қастерлеудің маңыздылығын тағы да еске салды.
ссылка 1М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының мағынасы мен тарихын ашатын арнайы ақпарат әзірлеп, Туымыздағы көк түстің, Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты тұлпарлардың, Әнұранның әрбір сөзінің астарында жатқан терең мағынаны, ата-бабамыздың арман-мұратын, тәуелсіздікке жету жолындағы ерлігін жеткізді.